Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 7 қыркүйекте Литва мен Беларусь арасындағы екі шекара бекеті жабылып қалды.
«Шумскас-Лоша» мен «Твярячус-Видзы» бекеттерінде Қырғызстанның 90-ға жуық азаматы мен 70 жүк көлігі өте алмай тұр.
Қырғыз министрлігінің мәліметінше, Беларусь жағында ешқандай шектеу мен кезек жоқ.
СІМ дерегінше, қазір Литва мен Беларусь шекарасында «Лаворишкес Литва – Котловка», «Мядининкай Литва – Каменный лог», «Шальчининкай Литва – Бенякони», «Райгардас Литва – Привалка» бекеттері жұмыс істеп тұр. Жеңіл және жүк көліктері осы бекеттер арқылы өте алады.




















