Қырғызстан парламент депутаты Марлен Маматалиев электросамокаттарға арналған қозғалыс ережелерін күшейту үшін заңға түзетулер енгізуді ұсынды.
Марлен Маматалиев қырғызстандықтар электросамокатты жиі қолданатынын, бірақ жүргізу ережелері реттелмегенін атап өтті. Бейресми мәліметтер бойынша, Бішкекте 30 мыңға жуық скутер бар. Сонымен қатар, күн сайын олардың саны артып келеді.
Марлен Маматалиевтің пікірінше, бұл көлік құралдары орташа салмағы 30-35 килограмм, ал қозғалыс жылдамдығы сағатына 35-40 километрге дейін жоғары қауіптің көзі болып табылады.
Егер әріптестері Марлен Маматалиевтің бастамасын қолдаса, онда Министрлер Кабинеті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша құжаттарды, ережелерді, стандарттарды, техникалық нормаларды әзірлеуі тиіс.
Айта кетсек, Қазақстанда да «Жол қозғалысы туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, 30 тамызда электросамокаттарды пайдаланудың жаңа ережелері күшіне енген болатын.



















