Қазіргі таңда Қырғызстанда омартада бал жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Биылғы жылы Қырғызстанда бал өнімі мол.
Қырғызстанның балы әлемнің барлық дерлік елдеріне, соның ішінде Қытайға, Кореяға, Жапонияға, Парсы шығанағы елдеріне және АҚШ-қа экспортталады.
Орташа алғанда, жыл сайын Қырғызстан екі мың тоннадан астам бал өндіреді және оның 500 тоннадан астамы экспортталады.
Экономистер мәліметінше, Қырғызстанның бал өндірісін шамамен 16 есе арттыруға мүмкіндігі бар.
Шетелдерде қырғыз балы өте жоғары бағаланады.
Қырғызстанда бал жинау маусымы тамыз айының соңына дейін жалғасады. Содан кейін омарташылар араларды қысқы уақытқа дайындай бастайды.



















