Қырғызстанның оңтүстік өңірінен газдың ірі кен орындары табылды. Бұл туралы «Газпром Қырғызстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Арзымат Алдаяров брифингте мәлімдеді.
Осы мәліметке сәйкес, жалпы қоры шамамен 5 миллиард текше метрді құрайтын табылған газ кен орындары бүкіл Қырғызстанды тағы 80 жыл газбен қамтамасыз ете алады.
Бұл есеп Қырғызстанның газды жылына шамамен 50-60 миллион текше метр тұтынатыны негізінде жасалған.
«Газпром Қырғызстанның» өкілі Арзымат Алдаяровтың айтуы бойынша, қазіргі уақытта газды елдің оңтүстігіне тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуде қиындықтар бар. Сондықтан елдің өз өндірістік базасын қамтамасыз ету және дамыту сыртқы жеткізілімдерге тәуелді болмас үшін бұл мәселені ұзақ жылдар бойы шешуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, 2022 жылы Қырғызстанда газ өндірісі шамамен 30 миллион текше метрді, шетелден енгізілеген өнім 280 млн текше метрді құрады.
Қырғызстан табиғи газдың үлкен мөлшерін Ресей және Өзбекстаннан импорттайды.



















