Ыстамбұлда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 30-дан астам адам зардап шекті.
mk-turkey.ru сайтының хабарлауы бойынша бұл туралы журналистерге Түркияның Ішкі істер министрі Али Йерликая айтты.
Оның айтуы бойынша екі адам қайтыс болды, бірі түрік азаматы, екіншісі шетелдік. 31 зардап шеккен. Оның 8-і ауруханаға түскен.
Министр жаңбыр салдарын жою жұмыстары жалғасып жатқанын және аяқталуға жақын екенін айтты.
Бұған дейін Ыстамбұл губернаторлығы 57 жастағы Йылдыз Юртсевен мен 32 жастағы Гвинея азаматы Ираман Кабидің қаза тапқанын хабарлаған.
Су тасқынынан 1754 тұрғын үй мен кеңсе зардап шекті. Билік мегаполисте 5 қыркүйекте жауған нөсер жаңбыр бірнеше ауданда су тасқынына әкеп соққанын нақтылап отыр. Бір шаршы метрге орташа есеппен 125-128 мм жауын-шашын түсті



















