Қырғызстанның Ыстықкөл қаласында білім беру саласы бойынша Қырғызстан мен Ресей өкілдерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді.
Еуразия Тудейдің Ресей Федерациясының Қырғызстандағы елшілігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, алғашқы Қырғызcтан-Ресей білім жәрмеңкесі 19-20 тамызда Ыстықкөл көлінің жағасында өтеді.
Іс-шараға екі елден 400-ге жуық өкіл қатысады деп күтілуде. Жәрмеңкені Ресей Федерациясының Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігі, сондай-ақ, Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып отыр.
Жәрмеңке «Технологиялық көшбасшылыққа қол жеткізудегі білім берудің рөлі», «Педагог кадрларды даярлау саласындағы инновациялар» және «Білім беру үдерісіндегі цифрлық шешімдер» атты үш тақырыптық секциядан тұрады.
Елшіліктің хабарламасында: «Ресей тарапынан іс-шараға жетекші білім беру, ғылыми мекемелер мен ұйымдардың өкілдері қатысады», — деп жазылған.
Жәрмеңке аясында барлығы 135 дәріс, семинар және мастер-класс өткізу жоспарланған. Cонымен қатар бірқатар келісімге қол қойылады деп күтілуде.



















