Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усманов осы елдегі Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Муса Жаманбаевпен кездесу өткізді.
ӨР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша сұхбат барысында екіжақты және көпжақты құрылымдар аясындағы қарым-қатынастың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды.
Осы мәліметке сәйкес, Парламенттер арқылы байланыстарды нығайту және жоғары деңгейде және екі елдің үкімет басшыларының жақында өткен кездесулерінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өңіраралық байланыстарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Сондай-ақ тараптар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған алдағы маңызды бірлескен іс-шараларға дайындық барысын қарастырды.



















