Будапешт қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Венгрияға ресми сапармен келген бірқатар шетел делегацияларының басшыларымен кездесті.
Шавкат Мирзиеев Будапешт қаласында Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич және Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен сұхбаттасты.
Кездесулер барысында екіжақты практикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Сондай-ақ, Көшбасшылар әлем чемпионатының ерлер арасындағы 100 метрге жүгіру бойынша ақтық финалын тамашалады.
Еске сала кетсек, Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанның шақыруымен Шавкат Мирзиеев жұбайымен жұмыс сапарымен Будапешт қаласына келген болатын. Ференц Лист атындағы халықаралық әуежайда жоғары мәртебелі меймандарды Венгрия Премьер-Министрі Әкімшілігінің басшысы – Министр Гергей Гуйяш және басқа да ресми тұлғалар қарсы алған еді.



















