Өзбекстан мен Ауғанстанның темір жол компанияларының басшылары «Хайратон-Наибабад-Мазари Шариф» темір жолының бір бөлігін жөндеуге келісті.
Бұл жөнінде келісім 8 қарашада Ауғанстанның Балх облысы Хайратон қаласында «Өзбекстан темір жолдары» АҚ басқарма төрағасы Зуфар Нарзуллаев пен Ауғанстан темір жолдары басқармасының басшысы Бахт-ар-Рахман Шарафаттың кездесуі кезінде жасалды.
Өзбекстан темір жолдарының хабарлауынша, келіссөздердің негізгі тақырыбы теміржолдың «Хайратон-Наибабад-Мазари-Шариф» аумағын қайта жаңғыртуға қатысты болып, екі тарап осы аймақты дамытуға және жаңғыртуға келіскен.
Екі тарап темір жол көлігі саласындағы және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға үміт білдірген.
Бұл ынтымақтастық аймақтың көлік инфрақұрылымын жақсартуға және Ауғанстан мен Өзбекстанның сауда-экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасауға қызмет етеді.




















