АҚШ президенті Джо Байден Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы (НАТО) ыдыраған жағдайда әлем үшін апатты салдары болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Джо Байден Еуропадағы одақтастарының Ресей армиясы алдындағы жағдайы мен Еуропаның шығыс майданында орналасқан Украинадағы еуропалық одақтастарының әскери жағдайына алаңдаушылық білдірді.
Мұның алдында Владимир Зеленский де Украинаның шығысындағы Ресей армиясына қарсы әскери майдандарда оқ-дәрі мен қару-жарақтың жоқтығын мәлімдеген болатын.
АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тағы Univision Noticias деген испан тіліндегі телеарнаға берген сұхбатында: «НАТО ыдыраса, бұл АҚШ пен Еуропа үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін апат болады», — деді.
Джо Байден соңғы айларда НАТО-ға Финляндия мен Швеция сияқты еуропалық жаңа серіктестерінің қосылуына тоқталып, НАТО өзінің жаңа одақтастарымен аумағын тағы екі мың мильге кеңейткенін айтты.
Айта кетейік, Джо Байден Трамптың кесірінен НАТО-ның ыдырау ықтималын 2019 жылы ескертті.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон экс-президент жаңа мерзімге сайланса, АҚШ-ты НАТО-дан шығаратынын айтқан болатын.




















