Пәкістанның саяси көшбасшылары мен діни қайраткерлері халқын Дүниежүзілік Құдс күніне арналған жігерлі шерулерге қатысуға шақырып, Палестина бостандығы мұсылмандар бірлігін талап ететінін және Газадағы Израиль қылмыстарына қарсы үнсіздікке жол берілмейтінін баса айтты.
Евразия Тудейдің хабарлауы бойынша Қасиетті Рамазан айының үшінші онкүндігі және халықаралық Құдс күні қарсаңында Исламабад қаласында Пәкістанның діни қайраткерлері мен партияларының қатысуымен Құдс күніне арналған Палестинамен ынтымақтастыққа арналған іс-шара өтті.
Осы ретте Пәкістанда «Құдс бостандығы» конференциясы Мұсылмандар бірлігі партиясы мен Пәкістанның Ұлттық ынтымақтастық кеңесінің, Палестина мен Кашмир шәһидтерінің құрметіне арналған шара SUCH TV телевизиялық жаңалықтар желісінің және «Палестинамен ынтымақтастық» семинары Палестинаны қолдау қорының ұйымдастыруымен өтті.
Іс шара барысында баяндама жасаған Пәкістанның көрнекті саяси, діни, азаматтық қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері Палестина халқының мақсаттарын қорғауда, Пәкістанның Израильдің оккупациялық режимі мен олардың Газа секторындағы жақтастарының қылмыстарын айқындауда және Израильмен ымыраға келудегі кез-келген қастандыққа қарсы тұрудағы адалдықтарын атап өтті.
Палестина шәһидтерінің құрметіне арналған конференцияға Иран Ислам Республикасының Пәкістандағы Елшісі Реза Амири Моқаддам, Иран елшілігінің мәдени өкілі Маджид Мешки, сондай-ақ Пәкістан үкіметінің ақпарат министрі Атта Тарар қатысты.
Пәкістандағы Мұсылмандар бірлігі партиясының жетекшісі, сенатор Аллама Насир Аббас Джафари Палестинаны Израильдің басып алуына қарсы күрестегі қолдауды Ислам әлемі үшін стратегиялық мәселе деп атап, бүгінде АҚШ пен оның одақтастарының Израильдің адамзатқа қарсы қылмыстарын қолдауын масқара деп атады.
Насир Аббас Джафари Пәкістан үкіметін езілген Палестина халқын қолдау, Газа халқына көбірек көмек көрсету және Газа секторында атысты тоқтату режимін орнатуда Израильге қысым жасау мақсатында халықаралық форумдарға белсенді қатысу үшін тиімдірек әрекет етуге шақырды.
Пәкістан парламентіндегі «Әділет қозғалысы» партиясының өкілі Әли Мұхаммед Хан «Халықаралық Құдс күнін бүкіл әлемдегі мұсылмандардың Палестинаны қорғаудағы бірлігінің және Израильге қарсы дауыстың көрінісі деп атады. Ол «Палестина мәселесі сүннит пен шиітке қатысты емес. Бірақ Ислам үмбетінің діни тұтастығы және бәрімізді Құран мен Ислам туының астына біріктіруі Палестинаның қарсыласу майданын нығайтуға және оған қарсы тұрудағы символ болып табылады» деп мәлімдеді.
Пәкістанның SUCH TV телевизиялық жаңалықтар желісінің басшысы Аллама Сайед Ифтихар Хуссейн Накви Палестина мен Кашмирдегі шәһидтердің құрметіне арналған шарада имам Хомейнидің ұстанымына және оның Рамазан айының соңғы жұмасында Дүниежүзілік Құдс күнін еске алу туралы тарихи жарлығына құрмет білдіріп: «Дүниежүзілік Құдс күні — әлем езілген Палестина халқын қолдау үшін сұм сионистік режимге деген ашуын бірауыздан білдіретін күн. Біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қарарын дереу орындауға шақырамыз. Дүние жүзіндегі мұсылмандар сионистік режимді басып алынған Палестина аумағынан мүмкіндігінше тезірек кетуге шақырады», — деп баса айтты.
Пәкістандық діни қайраткер осы үкіметтен Халықаралық Құдс күнін ұлттық және мемлекеттік деңгейде өткізуге шақырды.
Пәкістандағы Палестинаны қолдау қорының Бас хатшысы Сабер Әбу Мәриям Исламабадтағы Палестинамен ынтымақтастық конференциясында сөйлеген сөзінде: «Имам Хомейнидің тарихи бастамасы мен Палестина қарсыласуының саналы шараларының арқасында әлем Израильсіз географияға бет бұруда. Себебі мұсылмандар билікті өз қолдарына алды. Енді сионистік режим исламға қарсылық танытуда қарсы келе алмайды» деді.
Сонымен қатар ол: «Палестина мен бүгінгі Газадағы Құдс жауынгерлерінің шайқасы — шындық пен өтіріктің өлшемі. Ислам әлемі осы ортақ мәселені шешуде және Палестинаны әлсірету мен қарсыласу майданын жоюға бағытталған қастандықтарға қарсы тұру үшін ілгерілеуі керек» деді.



















