Украина президенті Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Даниловты қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.
Евразия Тудейдің хабарлауы бойынша Владимир Зеленский Алексей Даниловтың орнына Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы қызметіне Александр Литвиненконы тағайындады.
Украина президенті Владимир Зеленскийдің бұл тосын шешімінің себебі әзірге белгісіз.
Владимир Зеленский бұған дейін Валерий Залужный арасындағы қайшылықтардан кейін оны қызметінен босатып, орнына генерал-полковник Александр Сырскийді Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы етіп тағайындады.
Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі еліндегі билік тармақтарын бақылайды және президенттің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жарлықтарын дайындайтын мекеме болып табылады.



















