Иран СІМ басшысы Амир Абдуллаһиан Африка құрлығымен қарым-қатынастарды жан-жақты дамыту және ілгерілету Иранның басым бағыттарының бірі екенін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Хоссейн Амир Абдуллаһиан кеше, дүйсенбі күні Орталық Африканың орта және шағын бизнес министрі Нгате Робардпен кездесуінде мәлімдеді.
Кездесуде Амир Абдуллаһиан Африка құрлығымен қарым-қатынастарды жан-жақты дамыту мен ілгерілетуді Иран Ислам Республикасының сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі деп атады.
Сонымен қатар Иранның Сыртқы істер министрі Иран Ислам Республикасы Орталық Африка Республикасымен осы елге қажет салаларда, әсіресе ауыл шаруашылығы, ғылым, технология және білім беру салаларында екіжақты қатынастарды дамытуға дайын екенін атап өтті.
Орталық Африканың орта және шағын бизнес министрі Иран-Африка екінші саммиті мен Expo Тегеран көрмесіне қатысудың маңыздылығына тоқталып, қонақжайлылығы үшін Иран еліне ризашылығын білдіріп, Иранның ғылыми, технология және өнеркәсіп саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады.


















