Қырғызстан астанасында өткен Азия және Тынық мұхиты чемпионатында ирандық хоккейші қыздар жеңімпаз атанды.
Евразия Тудейдің хабарлауы бойынша қыздар командасы сенбі күні Бішкек мұз айдынында Азия және Тынық мұхиты чемпионатының соңғы матчында Филиппин командасымен кездесті. Матчта ирандық қыздар командасы қарсыластарын 4:0 есебімен жеңіп, алтын медаль иегерлері атанды.
Хоккейден ирандық қыздар командасы Азия және Тынық мұхиты чемпионатында БАӘ, Қырғызстан, Үндістан мен Филиппин командаларын жеңіп, екінші мәрте аталмыш чемпионатта жеңімпаз атанды.
Иранның қыздар командасы былтыр Азия және Тынық мұхиты чемпионатына бірінші рет қатысып, екінші орынға табан тіреген болатын.
Хоккейден Азия және Тынық мұхиты чемпионаты биыл Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өтті.


















