Талибан үкіметінің сыртқы істер министрі Амирхан Моттақи ДАИШ-ты қамтамасыз ету және қолдау тізбегіне тоқталып, қай ел екенін нақты атамастан, бұл лаңкестік топтың аймақта орналасуына үш көрші ел негіз дайындады деген уәж айтты.
Еуразия Тудейдің «Тасним» ақпарат агенттігінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша, ол осы елдердің бірі ДАИШ-ті адам күшімен, екіншісі оқу-жаттығу бағдарламаларымен қамтамасыз ететінін, ал үшінші елдің аталған топтың лаңкестік әрекеттерін басқаратынын айтты.
Моттақи Кабулда өткен «Ауғанстан-Қазақстан» көрмесінің ашылу салтанатында зерттеулердің әрбір он лаңкестік әрекеттің кем дегенде сегізі Ауғанстаннан тыс жерде жоспарланғанын айтты.
Ол осы көрші елдер өз міндеттерін дұрыс орындаса, Ауғанстанда қауіпсіздік саласында мәселе болмайтынын мәлімдеді.
Талибан үкіметінің Сыртқы істер министрі сонымен бірге Ауғанстан жерінен басқаларға зиян келмейтінін, бірақ басқа елдерден де деструктивті әрекеттерді тоқтатуды сұрады.
Амир Хан Моттақи Ауғанстанның қауіпсіздігін аймақ қауіпсіздігімен байланысты деп атады.
Мұның алдында Талибан үкіметінің Қорғаныс министрі Молла Яқуп Муджахид ДАИШ содырларының Ауғанстанға Тәжікстан мен Пәкістаннан кіріп жатқанын айтып, осы елдерден өз шекараларын бақылауды сұраған болатын.



















