Катар телеарнасы Al Jazeera Иранның жаңа шабуылдың ауқымы туралы Мысыр және Түркиядағы делдалдары арқылы АҚШ пен Израильге байсалды ескерту жасағанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің телеарнаның мәліметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Түркия арқылы АҚШ-қа жаңа жолдауын жеткізіп, Мысыр арқылы сионистік режимге маңызды әрі бұрын-соңды болмаған ескерту жасады.
Иран өз жолдауында Израильдің авантюрасына жауап ретінде басталатын жаңа шабуылдың ауқымы туралы байсалды ескерту жасағанын мәлімдеді.
Сәуірдің 13-14 күндері Иран тұңғыш рет өз аумағынан Израильдің оңтүстігіндегі бірнеше әскери нысанға, соның ішінде Неватим әуе күштері базасы мен Негевке 300-ден астам, атап айтқанда 185 ұшқышсыз ұшақ, 36 қанатты зымыран және 110 «жер-жер» зымырандарын атты.
Бұл 2024 жылғы 1 сәуір күнгі Дамасктегі Иран Ислам Республикасының дипломатиялық нысандары басып алынған Голан жоталарынан Израильдің әуе және зымырандық шабуылдарына Иранның қайтарған қарымта әрекеті саналады.
Еске салайық, лаңкестік әрекет салдарынан он үш адам, соның ішінде жоғары дәрежелі әскери кеңесші қаза тауып, Иранның дипломатиялық нысандары толығымен қираған болатын.


















