Ресей президенті Владимир Путин «Ресей НАТО елдерімен соғысады» деген мәлімдемені сандырақ деп атады.
Евразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Путин бұл туралы мәлімдемені ұшқыштармен кездесуі барысында айтты.
Владимир Путин сөзінің жалғасында: «Ресей қорғаныс шығындарын ескере отырып, НАТО-мен соғыса ма? Бұл- ақымақтық!» — деді.
Ресей президенті: «Ресейдің НАТО-мен соғысуға ниеті жоқ, алайда өзінің мүддесін ескеріп, халықты өзінің тарихи аумағын қорғауға шақырады», -деді.
Путин барлық Ресей халқының бір ұлы Отаны барын тілге тиек етіп, даулы деструктивті ұрандар елдің бірлігіне қауіп төндіретінін атап, соған орай елдегі этносаралық бейбітшілікке қамқорлық жасау керектігін баса айтты.
Путиннің айтуынша, төңкеріс орын алмаса, артынша Донбасста әскери операция жасалмаса, Ресейдің агрессивті ниеті де болмас еді әрі Украинаға әскери операциялар да басталмас еді.
Путин: «Біз қазір арнайы әскери операция кезінде не істеп жатырмыз? Біз тарихи жерлерінде тұратын халқымызды қорғап жатырмыз», — деді.
Владимир Путин «Ресей Польшаға немесе Балтық жағалауы елдеріне шабуыл жасауы мүмкін» деген мәлімдемелерді еш мағынасы жоқ деп атады. Ресей президенті бұл адамдардың иығына қосымша шығын арттыру мақсатындағы алдау тәсілінің бірі екенін мәлімдеді.
Путин ресейлік әскери ұшқыштарға мұның бәрін әскери жоспарлау кезінде ескеру қажеттігін атап өтті.
Ресей президенті НАТО-ның Солтүстік Атлантикалық блок екеніне тоқталып: «Ол қай жерге жетуге тырысуда? Блок Азия-Тынық Мұхиты аймағына, Батыс Азияға, Латын Америкасына және әлемнің басқа бөліктеріне жетуге тырысады», — деді.
Путин НАТО өз аумағын кеңейту мақсатында әртүрлі сылтауды қолданып жатқанын айтты.
Бұл мәлімдемелер Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның сәрсенбі күні F-16 ұшағының алдағы айларда Киевке жеткізілетіні жөніндегі мәлімдемесінен кейін айтылып отыр.
Украина Әскери-әуе күштерінің ресми өкілі Юрий Игнат өткен айда украиналық ұшқыштар америкалық F-16-ны басқаруды және ұшақ арқылы нысанаға шабуыл жасау жаттығуларын үйреніп жатқанын мәлімдеді.
Мәскеу Украинаға F-16 жойғыш ұшақтары жеткізілетін жағдайда Ресейге ядролық қауіп төндіретінін ескертті.
Өткен аптада тілшілердің Киевтің F-16 ұшағын пайдалануының «қызыл сызықтары» туралы сұрағына Пентагон өкілі Патрик Райдер Украина бұл ұшақтарды өз аймағын қорғау үшін ғана пайдалануы керек деп жауап берді.



















