Тәжікстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Низомиддин Зохиди 22 қазанда Иран Ислам Республикасы Энергетика министрлігі Халықаралық орталығының төрағасы Муджтабо Акбаримен кездесті.
ТР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша кездесу барысында Тәжікстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық, техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 15-ші отырысы хаттамасының тармақтарын орындау, сондай-ақ осы комиссияның келесі 16-шы отырысын өткізу мәселелері талқыланды.
Муджтабо Акбари Тәжікстан мен Иранның Сауда-экономикалық, техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 15-ші отырысы шешімдерінің орындалуын бақылау комитетінің Иран бөлігінің басшысы да болып табылады.


















