Иран президенті Ибраһим Раиси мен Түркіменстан президенті Сардар Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі артқанын атап өтті.
Телефон арқылы әңгімелесу барысында тараптар энергетика, көлік және транзит саласындағы бірлескен экономикалық комиссия отырысының маңызды келісімдерін жүзеге асыруды жеделдету қажеттігін қуаттады.
Иран президенті сондай-ақ, екі елдің мәдени тұлғаларын құрметтеу үшін Түркіменстанмен бірлескен мәдени бағдарлама өткізуге дайын екенін жеткізді.
Газа секторында орын алған оқиғаларға тоқталған Ибраһим Раиси Газа халқына көмектесу үшін барлық мүмкіндікті пайдалану қажеттігін айтты.
Өз кезегінде Түркіменстан президенті Сардар Бердімұхамедов өз елінің екіжақты ынтымақтастық деңгейін кеңейтуге және түрлі салаларда жасалған келісімдерді жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді.


















