Түркияның Ыстамбұл қаласында Газа секторында қаза тапқан журналистерді еске алуға арналған 17 қаңтарға дейін жалғасатын фотокөрме ашылды.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Press For Palestine бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қаза тапқан палестиналық журналистерді еске алу: оккупация куәгерлері» атты іс-шара жүзеге асырылды.
Іс-шара барысында Press For Palestine бірлестігінің өкілі Хайрунниса Чичек 7 қазаннан бері әлемнің Газа секторындағы соғысқа куә болып отырғанына тоқталды.
Чичек соғыс орын алған жерде шындықты жеткізуге тырысқан журналистер, фотографтар мен операторлардың үлкен құрбандықтарға барғанын атап өтті.
Газа үкіметіне қатысты Медиа бюроның жазбаша мәлімдемесі бойынша, Газа секторында 7 қазаннан бері 117 журналист қаза тапты.



















