Ресей, Иран, Түркия, Әзірбайжан және Армения сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні Тегеранда өткен «3+3» форматындағы кездесуде дау-дамайды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын баса айтты.
«3+3» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде кикілжіңдерді БҰҰ Жарғысы, егемендік пен саяси тәуелсіздікті құрметтеу аумақтық тұтастық, танылған халықаралық шекаралардың мызғымастығы, ішкі істерге араласпау, қорқытуға немесе күш қолдануға тыйым салу және адам құқықтарын құрметтеу негізінде бейбіт жолмен шешудің маңыздылығы қуатталды.
Иран Сыртқы істер министрлігінің Telegram-каналында жарияланған ортақ мәлімдемеде: «Министрлер Газа секторындағы жағдай бойынша да кеңестер өткізді. Сыртқы істер министрлері Газадағы жазықсыз бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдарды тез арада тоқтату қажеттігін атап өтті».
Сонымен қатар, министрлер аймақтағы тұрақты бейбітшілік пен экономикалық дамуды нығайту бойынша жұмыс істеуге, сондай-ақ өңірлік платформаға қатысушы барлық елдер арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру және дамыту үдерістерін қолдау бойынша консультацияларды жалғастыруға келісті.
«3+3» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің келесі кездесуі 2024 жылдың бірінші жартысында Түркияда өтетін болды.


















