2024 жылға қарай Индонезияда Нусантара қаласы ел астанасы болады деп жоспарланып отыр. Жаңа астана Калимантан аралында орналасқан.
Мохаммед Али Беравидің сөзінше, Индонезия астанасы Джакарта қаласынан Нусантараға көшірілмек.
«Енді астананы Нусантара қаласына көшірмекпіз. Индонезияда 270 млн-ға жуық халық бар. Халық саны бойынша әлемде төртінші елміз. Джакартада жол кептелісі, көліктермен байланысты бірқатар проблемалар бар. Бас қалада 10 млн адам тұрады», — деді спикер «Қалалардың цифрлық трансформациясы: инновациялық жобалар, бағдарламалар мен технологиялар» панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ ол «Нусантараны дамытудың негізгі 5 негізгі ұстанымы бар. Ол тұрақты жасыл даму элементтерінен тұратын астана болады. Сондай-ақ инклюзивті және жаһандық қала атанады. Бұдан бөлек Нусантура ақылды қала болады деп жоспарланып отыр. Бұл даму жобасы аясында 3 негізгі міндетті басшылыққа алдық: базалық инфрақұрылым, кең жолақты интернет ұсынылатын белсенді инфрақұрылым және қоғамдық қажеттіліктерге бағытталған қосымша даму аймағы», — деді.



















