Индонезия полициясы Рим Папасына қарсы жоспарланған қастандық әрекеттің алдын алды.
Еуразия Тудейдің Индонезия полициясының терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Индонезия полициясы Рим Папасы Францискке қастандық әрекетін жоспарлаған жеті күдіктіні ұстады. Күдіктілер ықтимал лаңкестік шабуыл жоспарын талқылау үшін әлеуметтік желілерді пайдаланған. Олар Рим Папасы Францисктің Джакартаға сапары кезінде көлігіне шабуыл жасауды жоспарлаған.
Рим Папасына шабуыл жасамақ болғандардың көпшілігі қыркүйек айының 2-3 күндері Джакарта, Батыс Суматра және Банка-Белитунг аймақтарында ұсталды.
Қазіргі таңда жеті адамға қатысты сот ісі қозғалған. Еске сала кетсек, 87 жастағы Рим Папасы Франциск Оңтүстік-Шығыс Азия мен Океания арқылы он екі күндік сапарын Индонезиядан бастады.
Рим Папасы Индонезияда діни билік өкілдерімен кездесіп, алдау мен зорлық-зомбылық арқылы адамдардың діни сенімдерін бұрмалайтын діни экстремизмнен қорғануға шақырды.
Рим Папасы Индонезияда 3-6 қыркүйек аралығында болды. Ол 6-9 қыркүйек аралығында Папуа-Жаңа Гвинеяда болып, 9-11 қыркүйек аралығында Шығыс Тиморға сапарын жалғастырады деп жоспарланған.
Папа Францисктің Оңтүстік-Шығыс Азия мен Океанияға сапары Сингапурде аяқталады. Ол Сингапурде 11-13 қыркүйек аралығында болады деп күтілуде.



















