Беларусь Президенті Александр Лукашенко кеше, 14 қыркүйек күні Ресейге жұмыс сапарымен келді.
Александр Лукашенко бүгін, 15 қыркүйекте Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.
Екі ел президенттерінің келіссөздері барысында халықаралық күн тәртібі мен өңірлік мәселелер, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен міндеттерді талқылау жоспарлануда.
Айта кетсек, Александр Лукашенко мен Владимир Путин соңғы рет 23-24 шілдеде Санкт-Петербургте кездескен болатын.
Бұл олардың 2023 жылдың басынан бергі жетінші кездесуі болмақ.



















