Барлау жұмыстарының нәтижесінде Иранда төрт жаңа мұнай-газ кен орны ашылды.
ИРНА агенттігінің хабарлауынша бұл туралы бүгін, сәрсенбі күні Иранның мұнай министрі Джавад Оуджи мәлімдеді.
Осы мәліметке сәйкес, Иранның Министрлер кабинетінің апталық отырысында журналистерге берген сұхбатында Оуджи жаңадан ашылған мұнай және газ кен орындарының арасында Разави Хорасан провинциясындағы Чешм-е-Шур газ кен орны, Гүлстан провинциясындағы Илкан немесе Иркан мұнай кен орны және Бушер провинциясындағы Тангу мен Ганаве мұнай кен орындары барын айтты.
Ол сонымен қатар Сауд Арабиясы, Кувейт, БАӘ және Катар сияқты аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда Иран Ислам Республикасының геологиялық барлау бойынша бірінші орында екенін айтты.
Министрдің айтуынша, осы елдің қазіргі Үкіметі кезінде мұнай өндірісі 1 миллион 200 мың баррельге, газ өндірісі 45 миллион текше метрден астам өсті.


















