ЮНЕСКО Интерполмен бірлесе қолды болған құндылықтардан құралған артефактілердің виртуалды мұражайын ашуды көздеп отыр.
The Guardian мәліметінше, мұражай 2025 жылы ашылады. Бастапқы коллекцияға 600-ге жуық қолды болған артефактілер кіреді деп жоспарланған.
Жобаның құны 2,5 миллион долларға бағаланған. Аталмыш жобаның авторы – сәулет өнері саласындағы ең жоғары награда саналатын Прицкер сыйлығын 2022 жылы алғаш иеленген қара нәсілді сәулетші Фрэнсис Кере.
Мұражайда келушілер 3D форматында қолды болған құндылықтарды тамашалай алады және олардың тарихы мен мәдени құндылығы туралы аннотациялар қарастырылған.
ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле ұрланған әрбір жұмыстың зерттеуге қол жетімсіз болып қалғанын ескертеді.
ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттоне мәліметінше, бұл артефакттер физикалық тұрғыдан бар нысандар, алайда қолды болуына орай қазіргі таңда олардың қайда екені белгісіз.
Интерпол дерекқорларында бүкіл әлем бойынша мұражайлардан, жеке коллекциялардан және археологиялық орындардан жоғалған 52 мың артефакт тіркелген.



















