ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Қазақстанның Қарағанды облысындағы шахтада болған жаралысқа байланысты Қазақстанның Үкіметі мен халқына көңіл айтты.
Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Насер Канани, Қазақстанның Қарағанды облысында шахтаның жарылысында бірқатар кеншілердің қаза болуы мен жарақат алуына байланысты достас және бауырлас Қазақстан елінің Үкіметі мен халқына көңіл айтып, Алла Тағаладан зардап шеккендерге денсаулық пен тезірек сауығып кетуін тіледі.
Сенбі күні Костенко шахтасында жарылыс болды. Қарағанды облысында қаза тапқан 46 кеншінің барлығының денесі табылды.


















