Кам Ғаффариан – ғарыш кеңістігін дамытуға үлес қосып келе жатқан ирандық кәсіпкер.
Кам Ғаффарианның Axiom Space компаниясы NASA-мен серіктестікте әлемдегі коммерциялық ғарыш станциясын салумен айналысады және жаңа буынға арналған скафандр жасайды.
Кәсіпкер келесі жолы ғарышкерлер Ай бетінде Axiom Space скафандрларын киюі мүмкін екенін айтты.
Ғаффарианның Илон Маск, Джефф Безос және Ричард Брэнсоннан айырмашылығы – миллиардердің келтіретін ерекше мысалы мен жұлдыздарға сенуі.
Сонымен, Ғаффарианның жетістігінің сыры неде?
Кәсіпкер: «Мәдениет, мәдениет және тағы да мәдениет»,- деп сендіреді.
Ғаффарианның коммерциялық клиенттер тізімінде Седарс-Синай медициналық орталығы, G. H. Mumm шампан өндірушісі мен жапондық Mitsui конгломераты және тағы да басқалары бар.
Сонымен қатар Канада мен Сауд Арабиясы сынды үкіметтер және орбитаға ұшу үшін ақы төлейтін кәсіпкерлермен ынтымақтастығы бар.
Ол 2022 жылғы сәуір және мамыр айларында SpaceX компаниясымен бірлесе ғарыш станциясына екі сәтті жеке миссияны жүзеге асырды.
Бірінші ұшырылымда үш коммерциялық турист, екіншісінде сауд арабиялық екі ғарышкер ұшты. Тамыз айына қарай Ғаффарианның компаниясы 2,2 миллиард доллардан астам келісімшарттар жасағанын хабарлады.
Осындай тәжірибенің арқасында кәсіпкер инвесторлардың қолдауына ие болды. Ғаффариан активтерінің ең жаңа және ең аз бөлігі Quantum Space компаниясына тиесілі.
Ғарыш және энергетикалық бизнестегі үлестердің арқасында қол жеткізген кәсіпкердің байлығын Forbes 2,2 млрд АҚШ долларына бағалайды.
Lonestar Data Holdings фирмасының негізін қалаушы және бас директоры Крис Стотт «Адамдар Илон Маск, Ричард Брэнсон және Джефф Безос туралы айтқанда Кам Ғаффарианды да қосу керек. Себебі, өте сауатты әрекет ететін Кам Ғаффариан да көп нәрсені жасады», — дейді.
Ғаффарианның басқа әлемдер туралы армандары Иранның Исфаһан қаласында тұрған кезіндегі балалық шағынан басталған. Ол жұлдыздарды тамашалауды ұнатқан.
Ғаффариан 1969 жылғы 20 шілдеде ғарышкерлер Нил Армстронг пен Базз Олдриннің Айдың Eagle модуліне қонғанын көрген сәтінен бастап осы салаға деген қызығушылығы артады.
Ғаффариан Вашингтондағы Американың католик университетіне оқуға келеді.
Сол уақыттарда оның алғашқы жұмыс берушісі Вирджинияда орналасқан COMPUCARE IT-фирмасы болды. Сонымен қатар ол электронды инженерия мамандығы бойынша білімін жалғастырып, ақпараттық қамтамасыз ету магистрі дәрежесін алды.
Кейін Ғаффариан Ford Aerospace-ке ауысып, NASA және АҚШ Үкіметімен келісімшарттар бойынша жұмысын жалғастырды.
1994 жылы Ғаффариан әріптесі Гарольд Стингермен бірге Lockheed-те жұмыс істеді. Кейін бизнесті қолдаудың федералды бағдарламасының арқасында іскерлік тандем Stinger Ghaffarian Technologies деп аталатын компанияны құрды.
Үш жылдан кейін Ғаффариан Стингердің үлесін сатып алды.


















