Иран адамды ғарышқа жеткізе алатын салмағы 1500 келі болатын биологиялық капсула жасауды жоспарлап отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ғарыш ұйымының басшысы Хасан Саларие биылғы жылы елінің “Simorgh” және оңтайландырылған “Simorgh” жерсеріктері мен “Zoljanah” және “Qaem 100” зымыран тасығыштарын қоса алғанда бірқатар ішкі және халықаралық жерсеріктерді ұшыратынын айтты.
Иран Ғарыш ұйымының басшысы былтырғы жылға жоспарланған “Zafar” және “Paya” қашықтықтан зондтау жерсеріктерінің биыл ұшырылатынын растады.
Сонымен қатар, Саларие “Шәһид Сүлеймани шоқжұлдызы” жерсеріктерін эксплуатациялық сынақтан өткізіп, пайдалану Иран күнтізбесі бойынша 1404 және 1405 жылдарға жоспарланғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, “Nahid-2” жерсерігі де биыл отандық және халықаралық зымыран тасығыштардың көмегімен ұшырылады.
Сондай-ақ, Саларие Иранның қазіргі уақытта салмағы 500 кг және 1500 кг жетілдірілген биологиялық капсулаларды жасап жатқанын, 1500 кг болатын капсула адамды ғарышқа ұшыруға арналғанын айтты.
Иран Ғарыш ұйымының басшысы Хасан Саларие сөзінің жалғасында: “Иран салмағы бір тонна болатын жерсеріктік зертхана салып жатыр. Оның физикалық инфрақұрылымының 60 пайызы аяқталды”,- деді.


















