Қырғыз Республикасы 2023 жылдың 8 желтоқсанында Сирияның солтүстік-шығысындағы арнайы қосындарда жатқан 96 азаматын отанына әкелді.
КР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Қырғыз Республикасының Мемлекет басшысы мен Министрлер Кабинетінің алға қойған міндеттеріне сәйкес Қырғызстан азаматы болып табылатын 31 әйел мен 65 бала Таяу Шығыстан Қырғызстанға арнайы ұшақпен елге қайтарылды.
Осы мәліметке сәйкес, бұл іс-шара Қырғыз Республикасының Сирияның солтүстік-шығысындағы арнайы қосындарда жатқан азаматтарын елге қайтару үшін кезекті «Айкөл-4» гуманитарлық миссиясы аясында жүзеге асырылды.
Қырғыз тарапы Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне арнайы операция жүргізуге жан-жақты көмек көрсеткені және осы гуманитарлық процесті сәтті жүзеге асыру үшін логистикалық қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорына (ЮНИСЕФ) және Өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарды елге қайтару бойынша төртінші ірі науқанды өткізуге көмектескені үшін Халықаралық Қызыл Крест комитетіне ризашылығын білдірді.



















