Бүгін, қаңтардың 11 күні Ауғанстанның Бадахшан провинциясында магнитудасы 6 баллдық жер сілкінісі болды.
Ауғанстанның жергілікті БАҚ хабарлауы бойынша бүгін Ауғанстанның Бадахшан провинциясында магнитудасы 6 баллдық жер сілкінісі болды.
Мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі Ауғанстанның шығыс және солтүстік аймақтары мен Пәкістанның Пешавар және Исламабад қалаларының бір бөлігінде де сезілді.
Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық болжау мониторингі орталығы да 11 қаңтарда сағат 14.20-да Ауғанстанда жер сілкінісі болғанын хабарлады.
Жер сілкінісі Қазақстанның Шымкент, Жамбыл қалаларында да 2 баллдық магнитудамен сезілді.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендері туралы ақпарат жарияланған жоқ.



















