Иран 4 ақпаннан бастап 28 елмен визаны біржақты алып тастау туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігі консулдық қызметкерінің орынбасары Әлиреза Бигдели IRNA тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Әлиреза Бигделидің айтуы бойынша, Иранға туристік мақсатта Сауд Арабиясы, Қатар, БАЭ, Бахрейн, Кувейт, Өзбекстан, Қырғызстан, Тунис, Танзания, Мавритания, Маврикий, Жапония, Индонезия, Сингапур, Вьетнам, Камбоджа, Бразилия, Мексика, Перу, Хорватия, Сербия, Босния және Герцеговина, Беларусь және Үндістан азаматтары визасыз бара алады.
Иран Сыртқы істер министрлігі консулдық қызметкерінің орынбасары Үндістан азаматтары Иранға тек әуежай арқылы ғана кірген жағдайда визасыз келе алатынын атап өтті.
Егер бұл ел азаматтары құрлық шекаралары арқылы Иранға кіретін болса, міндетті түрде виза алуы қажет екенін мәлімдеді.
Айта кетсек, Иран 2023 жылдың желтоқсан айында туризмді дамыту мақсатында 33 елмен біржақты визалық режимді жою туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Алайда, ол кезде виза режимін алып тастау мерзімі нақты айтылмаған болатын.
Иран мен Қазақстан арасындағы екіжақты визасыз режим 2022 жылы енгізілді.
Қазақстан 2022 жылғы 7 шілдеден бастап Иран азаматтары үшін, Иран Үкіметі 2022 жылғы 11 қарашадан бастап Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізді.


















