2024 жылдың 9 ақпанынан бастап Абу-Даби халықаралық әуежайының атауы ресми түрде Zayed халықаралық әуежайы болып өзгертілді.
Time Out Abu Dhabi сайтының мәліметінше, әуежай атауының өзгертілу құрметіне орай 9-11 ақпан аралығында жолаушыларға арналған бірқатар мерекелер өтті. Атап айтсақ, саяхатшыларға арнайы тосынсыйлар жасалды. Жолаушылар үшін сауда дүкендері, мейрамханалар, бутиктер және кафелерде жеңілдіктер қарастырылды.
Сонымен қатар, саяхатшылар жанды дауыстағы әртістердің қойылымдарын тамашалады.
Әуежай атауы марқұм шейх Заидтың құрметіне қойылған.
Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян өткен жылы марқұм әкесі шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның құрметіне орай әуежай атауы өзгертілетінін мәлімдеді.
Zayed халықаралық әуежайынан 28 авиакомпанияның рейстері орындалады. Әуежай жылына 45 миллион жолаушыға қызмет көрсете алады.
Zayed халықаралық әуежай жұмысында көптеген жаңа технологиялар қолданылады. Соның бірі — жолаушыларды тексеруде және күту уақытын азайту мақсатында бетті тану технологиясы. Әлемде алғаш рет адамның жеке басын анықтауға болатын бұл технологияны Абу-Даби әуежайы 2009 жылдан бастап қолданады.
















