Сауд Арабиясында өте биік, аспалы намазхана ашылды.
Gulf News басылымының мәліметінше, Sky Mussallah деп аталатын аспалы намазхана Меккеде әлемдік рекорд орнатқан ғимараттар санын толықтырып, Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілді.
Sky Mussallah аспалы намаз бөлмесі теңіз деңгейінен 483 метр биіктікте орналасқан. Намазхана Сауд Арабиясының Мекке қаласындағы Жабал Омар атындағы қонақүйдің екі мұнарасын қосып тұрған аспалы жүргінші жолының бойында тұр.
Намазхана 520 адамға шақталып жасалған. Мәліметке сәйкес, ғимараттан Меккені тамашалауға болады.
Меккеде Sky Mussallah аспалы намаз бөлмесімен қатар, әлемдік рекорд орнатқан биіктігі 601 метр болатын Royal Clock Tower ғимаратының ең биігінде жарты ай пішінінде салынған намазхана бар.



















