Қытай үкіметі Украина дағдарысындағы шиеленістің одан әрі күшеюі халықаралық қауымдастықтың мүддесіне сай келмейтінін қуаттады. Бұл туралы ТАСС агенттігі Қытай үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэйдің сөзіне сілтеме жасап хабарлады.
Осы мәліметке сәйкес, Ли Хуэй бұл туралы Берлинде Германия Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Томас Баггермен кездесуінде мәлімдеді.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша Ли Хуэй қақтығыстың одан бетер шиеленісу қатерін тудыратынын, бұл халықаралық қауымдастықтың, соның ішінде Қытай мен Германияның ортақ мүдделеріне сәйкес келмейтінін айтты.
Осы мәліметке сәйкес, ҚХР Германиямен бірге қысқа уақытта атысты тоқтатуға және соғыс қимылдарын аяқтауға жол ашу үшін барлық тараптың тең қатысуымен тиісті уақытта бейбіт конференцияны өткізуге қолдау көрсетуге әзір.
Ли Хуэй Баггерге өткен аптада Ресей, Украина және Еуропа елдері арасында консенсусқа жету үшін жүзеге асырылған делдалдық әрекеттері туралы айтты.
Айта кетейік, Ли Хуэй Украинадағы қақтығысты шешуге көмектесу үшін 2 наурыздан бергі халықаралық сапарда алдымен Ресейге барды.
Қытай дипломаты одан кейін ЕО штаб-пәтеріне, Польша мен Украинаға барды. Сонымен қатар жуырда Францияға да барады.




















