Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын шығаруға салынған тыйым 6 ай мерзімге ұзартылды.
ҚР Үкіметінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, бұл туралы шешім бүгін 12 наурызда Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға мүшелік ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.
Бұған дейін тыйым шекара маңындағы елдерге сұйытылған мұнай газын шығару және ішкі нарықта тапшылықтың туындауын болдырмау мақсатында салынған болатын



















