Иран Атом Қуаты ұйымының басшысы Мохаммад Ислами Ширазда жаңа ядролық реактор салынатынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Атом Қуаты ұйымының басшысы Мохаммад Ислами жаңа ядролық реактор ядролық ғылым мен техника және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту мақсатында жүзеге асырылатынын жеткізді.
Мохаммад Ислами Ширазда салынатын жаңа ядролық реактордың құрылысына қатысты: «Бұл бірлескен іс-әрекет пен бағдарлама ядролық ғылым мен техника және ғылыми-зерттеу мен ғылыми-ағартушылық жұмыстарын дамыту үшін жүзеге асырылады. Осы мақсатқа жету үшін Шираз арнайы орын ретінде таңдалуда және қазіргі уақытта біз жұмысты бастау үшін орны мен жобалау жұмыстарын дайындап жатырмыз», деді.
Иран Атом Қуаты ұйымының басшысы сөзінің жалғасында жуырда өткен халықаралық ядролық ғылым мен техника конференциясына тоқталып: «Исһахан қаласында алғаш рет 22 елдің қатысуымен ядролық ғылым мен техника саласында халықаралық конференция өтті. Конференция жоғары деңгейде өтті.
Шараға шамамен 100-ге жуық шетелдік және 100 отандық спикер қатысты», деп қосты.
Сонымен қатар Ислами конференцияның екі жылда бір рет өткізілетінін атап өтті.
Парламенттегі Казерун халқының өкілі және Иран Атом Қуаты ұйымының бұрынғы басшысы Фаридун Аббаси да Исфаһан саммиті аясында жалпы қуаты 10 МВт болатын Шираз ядролық реакторы жөнінде мәлімдеді.


















