Иран Ислам Республикасының Ресейдегі елшісі БРИКС сияқты ұйымдар барлық халықтардың мүдделерін сақтай отырып, жаһандық басқаруда жаңа тәртіп орнатуға ұмтылатынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, БРИКС елдері Сыртқы істер министрлерінің Ресейдегі кездесуі қарсаңында Иран Ислам Республикасының Ресейдегі елшісі Казим Джалали X әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Тарихта жаһандық басқару тек жаулап алушылардың мүдделерін ескерді. Бүгінде БРИКС ұйымына мүше елдер барлық халықтардың мүдделерін сақтай отырып, жаһандық басқаруда жаңа тәртіп орнатуға ұмтылуда», -деп жазды.
Казим Джалали БРИКС тобының Сыртқы істер министрлері кездесуіне Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Әли Бақеридің қатысуы осы жаңа тәртіпті құрудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Бүгін, дүйсенбі күні Ресейдің Нижний Новгород қаласында БРИКС-ке мүше елдердің СІМ басшыларының кездесуі басталды. Шара 10-11 маусым күндері өтеді.
Бұл Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі БРИКС-тің ресми мүшесі ретінде қатысып отырған алғашқы саммиті.
Ресейдің Нижний Новгород қаласында басталған БРИКС елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу үшін Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Әли Бақери бүгін таңертең Ресейге келді.


















