Иран Ислам Республикасының Президенті Қатарға Азиядағы ынтымақтастық диалогына қатысушы елдер басшыларының саммитіне қатысу үшін барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Масуд Пезешкиан Азиядағы ынтымақтастық диалогына қатысушы елдер көшбасшыларының саммитіне қатысу үшін дүйсенбі, 30 қыркүйек күні жоғары лауазымды делегацияны бастап, екі күндік ресми сапармен Қатар астанасы Дохаға барады.
Қатар басшыларымен және ресми тұлғаларымен кездесіп, келіссөз жүргізу Пезешкианның Дохаға екі күндік сапары бағдарламасының келесі маңызды бөлімі болып табылады.
ACD ретінде белгілі Азиядағы ынтымақтастық диалогы — экономикалық және мәдени салаларда әртүрлі жобалар мен ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында құрылған ұйым.
Ұйымды құру туралы идеяны Таиланд Корольдігінің Премьер-министрі Таксин Шинаватра ұсынған. Ұйым 2002 жылы 19 маусымда құрылды. Қазіргі уақытта Азия мен Батыс Азияның 35 мемлекеті АЫД мүшелері болып табылады.


















