Иранда шикі мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 2024 жылдың үшінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайыздан астам өсті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның мұнай өнеркәсібі соңғы онжылдықтардағы ең ауыр санкцияларға тап болды. Бұл санкциялар халықаралық компаниялардың қатысуын шектеуден басталып, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп тұсында Иран мұнайының экспортын нөлге дейін төмендету мақсатында жалғасты.
Алайда, Иран мұнайының экспорты ешқашан нөлге жеткен емес. Тіпті, Американың жоғары лауазымды тұлғаларының өзі Иранның мұнай өнеркәсібіне қарсы санкциялардың тиімсіздігін мәлімдеді.
Бүгінде 2018 жылдың мамыр айында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан біржақты шығуынан 6 жылдан астам уақыт өткеннен кейін және халықаралық ұйымдардың есебіне сәйкес, бұл елге қарсы санкциялық қысым күн сайын күшейіп келе жатқанына қарамастан Иран әлемдік мұнай өндірісіндегі үлесін арттыра алды.
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) өзінің соңғы есебінде Иранның қыркүйек айында өткен аймен салыстырғанда тәулігіне 21 мың баррельге артық мұнай өндіргенін хабарлады.
ОПЕК-ке мүше елдер арасында өндірістің ең көп өсімі Иранға тиесілі. ОПЕК ұйымына мүше елдердің мұнай өндірісінің жалпы көлемі қыркүйек айында 2,3 пайызға төмендеді.


















