Израиль режимі шайқас алаңындағы сәтсіздіктерінің орнын келіссөздер арқылы өтеу мақсатына ешқашан жете алмайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы ХАМАС-тың жоғары лауазымды өкілі Усама Хамдан мәлімдеді.
Хамдан Al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында: “Америка Құрама Штаттарының Газа секторындағы атысты тоқтату келісімі жөніндегі ұсынысы осы елдегі президенттік сайлау алдында жасалды”, — деді.
ХАМАС өкілі Израильдің ұрыс даласында қол жеткізе алмаған мақсатына келіссөздер арқылы қол жеткізу ұмтылысына тоқталып: “Израиль режимі шайқас алаңындағы өзінің сәтсіздіктерінің орнын келіссөздер арқылы өтей алмайды”, — деді.
Бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдарға алаңдаушылық білдірген Хамдан сионистік режимнің бес күндік бітімге келіп, кейін соғысты қайта бастайтын ұсынысының орындалмайтынын баса айтты.



















