Ресей Президенті Путин Иранмен сауда-экономикалық қарым-қатынастың тұрақты әрі сенімді екенін, биыл екі ел арасындағы тауар айналымының артқанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Владимир Путин сәрсенбі, 4 желтоқсан күні ВТБ-ның он бесінші инвестициялық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде қазіргі уақытта Ресей мен Иран арасындағы логистика, энергетика, өнеркәсіп және қауіпсіздік саласында бірқатар жоба жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Ресей Президенті Иранмен көлік саласындағы ынтымақтастыққа тоқталып, қазіргі таңда Солтүстік-Оңтүстік дәлізі жұмыс істеп тұрғанын, осы дәліз арқылы тасымалдар көлемі үнемі өсіп келе жатқанын айтты.
Президент Путин Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианның Ресейге алдағы сапары барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік туралы жан-жақты келісімге қол қойылады деген үміт білдірді.
Путин Иранның Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы мәртебесін беру туралы өтінішіне сілтеме жасап, Мәскеу Тегеранның одақпен тығыз қарым-қатынас орнатуға ұмтылуын құптайтынын қуаттады.
ВТБ-ның он бесінші инвестициялық форумы желтоқсанның 4-5 күндері Мәскеудегі Халықаралық сауда орталығында өтеді.


















