Иордания Сириямен шекарадағы Джабир шекара бекетін жапты.
Еуразия Тудейдің Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Сирияның оңтүстігіндегі жағдайға байланысты Иорданияның Ішкі істер министрі Мазен әл-Фарая Джабир шекара бекетін жабу туралы шешім қабылдады.
Иорданияның Ішкі істер министрінің мәлімдемесін таратқан осы елдің PETRA ақпараттық агенттігінің мәліметінше, Сирияның оңтүстігіндегі қауіпсіздік жағдайына байланысты Иордания мен Сирия шекарасындағы Джабир шекара бекеті жабылды.
Министрдің айтуынша, Иордания Сириядағы оқиғаларды жіті бақылап отыр.
Шешімге сәйкес, Иордания халқы мен иорданиялық жүк көліктеріне елге оралуға рұқсат етіледі. Алайда, Сирия аумағына баратын жүк көліктеріне шығуға тыйым салынады.



















