Сионистік режим Ливан Хезболласымен атысты тоқтату бітімін тағы бұзып, елдің оңтүстігіндегі аймақтарға шабуыл жасады.
Еуразия Тудейдің Al-Jazeera телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі Эйнат қаласындағы бір ғимаратқа әуеден шабуыл жасады.
Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тұрғын үйге жасалған шабуылдан бір ливандық қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды.
Сонымен қатар, Израиль армиясы Бейт-Лиф елді мекеніне де ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасады.
Айта кетейік, Израиль режимі мен Хезболла қозғалысы арасында атысты тоқтату бітімі қарашаның 28 күні күшіне енген болатын.



















