Иранның Джолфа кедені арқылы экспорт көлемі он айда 39 пайызға өсті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Джолфа кеденнің бас директоры Әли Бейсалам Иран күнтізбесі бойынша ағымдағы жылдың 10 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кеден арқылы экспорт көлемі 39 пайызға, жолаушылар жүктерінің тасымалы да 57 пайызға өскенін айтты.
Әли Бейсалам кеше, сәрсенбі күні ИРНА агенттігіне берген сұхбатында Джолфа кедені арқылы өткен жылдың 10 айында құны 152 998 619 доллар болатын 264 863 тонна тауар экспортталғанын айтып: “Иран күнтізбесі бойынша биылғы жылдың алғашқы 10 айында экспорт көлемі 212 959 454 доллар сомасына 336 668 тоннаны құрады.
Джолфа кедені арқылы негізінен мұнай өнімдері, қаптама тастар, кафель мен керамика, тақталар және пластик бұйымдары экспортталды.
Тауарлар кеден арқылы Түркия, Әзірбайжан Республикасы, Армения, Ирак, Ресей, Грузия, Ауғанстан, Түркіменстан және Қазақстанға экспортталды”, -деді.


















