Ресейдің “Россия сегодня” медиа тобының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Василий Пушков ИРНА агенттігінің жоғары сапалы ақпарат көзі екенін қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Василий Пушков бұл туралы ИРНА агенттігінің құрылғанына 90 жыл толуына арналған құттықтауында мәлімдеді.
Пушков құттықтау хатында: “ИРНА агенттігі -ирандық медиа жүйесіндегі негізгі элемент. Агенттік — елдегі барлық аудитория үшін жаңалықтар, ақпараттар, талдаулар және сапалы мазмұнның бірінші дәрежелі көзі”,- деп жазды.
Василий Пушков Ислам Республикасы Ақпарат агенттігінің бас директоры Хоссейн Джабери Ансариге жолдаған хатында: “Ресейдің “Россия сегодня” халықаралық медиа тобы атынан сізді және барлық әріптестеріңізді агенттіктің құрылғанына 90 жыл толуымен құттықтаймын”, -деді.
“Россия сегодня” медиа тобының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бас директоры бүгінде Ресей мен Иран арасындағы қарым-қатынастың мән-мазмұны бай әрі екі елдің барлық салада өзара іс-қимылдың бұрын-соңды болмаған деңгейіне қол жеткізгенін айтып: “Ресей мен Иранның БАҚ саласындағы ынтымақтастығы қос ел арасындағы екіжақты диалогты дамытуда маңызды рөл атқарады.
Біз ИРНА агенттігі мен “Россия сегодня” халықаралық медиа тобы арасында қалыптасқан серіктестікті, достықты және өзара сенімді жоғары бағалаймыз”,- деді.
Пушков ИРНА агенттігімен жаңалықтармен алмасу, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру, соның ішінде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша екіжақты мамандандырылған бейнеконференциялар, бірлескен фотокөрмелер ұйымдастыру және басқа да маңызды медиа жобалар жөніндегі ынтымақтастықтың кейбір аспектілеріне де тоқталып өтті.


















