Иран Президенті Масуд Пезешкиан ислам елдерін Газадағы қылмыстарды тоқтату үшін Израильге дипломатиялық қысым көрсетуге шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Масуд Пезешкиан бұл туралы Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагиммен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлімдеді.
Президент Пезешкиан: “Сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарын кез келген еркін ойлы адам қабылдамайды. Ислам елдері дипломатиялық қысым арқылы бұл қылмыстардың жалғасуына жол бермейді деп сенеміз.
Иран Ислам Республикасы Палестинаның мазлұм халқының құқықтарын әрқашан қорғап келеді. Басқа ислам елдері де Палестина мен Газа секторының халқын қолдауда белсенді ұстанымға ие болуы керек”, -деді.
Малайзия Премьер-министрі Израильдің Газа секторындағы қылмыстарын айыптап, Үкіметі бұл әрекеттерді айыптайтын қатаң мәлімдеме жасағанын айтты.
Ануар Ибрагим қазіргі уақытта Газа секторындағы геноцидті тоқтату үшін ауқымды дипломатиялық күш-жігер жұмсалып жатқанын мәлімдеп, басқа ислам елдерімен ынтымақтастық бұл қылмыстарды тоқтатады деген үміт білдірді.


















