Azerbaijan Airlines қыркүйек айының басынан бастап Бакуден Табризге тікелей рейсті іске қосып, Тегеранға тұрақты рейсті қайта жандандырады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, AZAL деп танымал Azerbaijan Airlines компаниясы Иранның солтүстік-батысындағы Табриз қаласына тікелей рейстерді келесі айда ашады.
Azer News мәліметінше, Әзербайжанның Ұлттық әуе тасымалдаушысы 3 қыркүйектен бастап Баку-Табриз-Баку жаңа бағыты бойынша тікелей рейстерді орындай бастайды. Бұл бағыттағы рейстер сәрсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, AZAL 1 қыркүйектен бастап Иран астанасы Тегеран қаласына тұрақты рейстерді қалпына келтіреді.
Баку-Тегеран-Баку бағыты бойынша рейстер дүйсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндері орындалады.


















