Ирандық оқушылар екінші жыл қатарынан Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасында (IOAA) бірінші орынды иеленді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран құрамасы астрономия және астрофизика бойынша 17-ші халықаралық олимпиадада тамаша нәтижеге қол жеткізіп, жеңімпаз атанды. Ирандық оқушылар додада бес алтын медаль жеңіп алды.
Астрономия және астрофизика бойынша 17-ші халықаралық олимпиадада Үндістанның Мумбай қаласында тамыздың 11-21 аралығында өтті. Биыл байқауға әлемнің 60 елінен 288 қатысушы қатысты.
Астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиада жыл сайын әлемнің жоғары сынып оқушылары арасында өткізіледі. Додада мектеп оқушылары теориялық тапсырмаларды орындап, деректерді талдап, бақылаулар жүргізеді. Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасының мақсаты — астрономия мен астрофизиканының танымалдылығын арттыру.


















