Иранның Исфаһан қаласына жақын Зеваре аймағында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, сейсмологтар Иранның орталық бөлігінде жер асты дүмпуін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Исфаһан қаласына жақын жерде орналасқан.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы шамамен 1,55 миллион адам тұратын Исфаһан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 183 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 10 шақырым.
Жер асты дүмпулері Тегеран және Қум қалаларында сезілген. Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.


















